Арал ауданының Қамыстыбас ауылдық округінде «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында ашылған өрт сөндіру бекеті бүгінде толыққанды жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.
Аталған нысан шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және тұрғындарға уақытылы көмек көрсету мақсатында пайдалануға берілген. Әсіресе өрт оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде оқиға орнына жедел жетіп, қажетті көмек көрсетуге жағдай жасалған.
Бұл – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғау қызметінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Қамыстыбас ауылындағы өрт сөндіру бекеті ел игілігі жолында тұрақты қызмет етіп, тұрғындардың амандығы мен ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете бермек.