2026 жылғы 4 қарашада Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкерлері Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі оқушыларына ауыл шаруашылығының көрнекті қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы Александра Никитична Ильясованың туғанына 100 жыл толуына орай қоғамдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында қатысушылар Александра Никитичнаның өмір жолымен, еңбек қызметімен және ауыл шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлесімен танысты.
Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсіби жетістіктері үшін ол «Еңбек Қызыл Ту», «Қазан революциясы» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған, сонымен қатар «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы» атағына ие болған.
Оның есімі туған аудан тарихында лайықты орын алады. Еңбектегі жетістіктері мен ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі өз ісіне және туған жеріне деген адалдықтың жарқын үлгісі болып қала береді.
Барлығы 87 адам қамтылды.