Банкроттық туралы өтініштің мәртебесін тексеру кезіндегі жиі кездесетін қателер

Банкроттық туралы өтініштің мәртебесін тексеру кезіндегі жиі кездесетін қателер

Банкроттық туралы өтініштің мәртебесін тексеру кезіндегі жиі кездесетін қателер

Соттан тыс банкроттыққа өтініш бердіңіз, бірақ 1414 нөмірінен SMS келмеді ме?

Мыналарды білу маңызды:

✅ Уәкілетті орган өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарайды.

✅ SMS-хабарлама тек «Мобильді азаматтар базасында» (МАБ) көрсетілген телефон нөміріне келеді.

✅ Нөмір ескірген немесе тіркелмеген болса — SMS келмейді.

📌 SMS келмесе не істеу керек:
1. «Мобильді азаматтар базасындағы» нөмірдің өзектілігін тексеріңіз (eGov.kz арқылы).
2. Электрондық үкімет порталындағы азаматтар тізімін қараңыз (eGov.kz → «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» қызметі).
Онда келесі тізімдер жарияланады:
- рәсім қолданылған азаматтар (өтініш мақұлданды, рәсім басталды);
- рәсім тоқтатылған азаматтар;
- рәсім аяқталған азаматтар (азамат банкрот деп танылды).
Егер сіз тізімдердің ешқайсысында жоқ болсаңыз — өтініш қабылданбаған болуы мүмкін. Бас тарту себебін eGov / Tazalau (Qoldau) жеке кабинетінен көруге болады. Қайта өтініш беруге 3 айдан кейін болады.

Сақтап қойыңыз, маңызды тұстарды ұмытпау үшін.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1324215?lang=kk