Зорлық зомбылық

Зорлық зомбылық

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандарының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында тұрғындарға отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпарат берілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Әрбір адам қауіпсіз әрі зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге құқылы.
Зорлық-зомбылыққа бейжай қарамайық! Қауіпсіз қоғам – ортақ міндетіміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1324202?lang=kk