Ақтөбе қаласындағы «Dalida Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Ақтөбе қаласындағы «Dalida Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

қОқу-жаттығу сценарийі бойынша нысанның бір бөлігінде шартты өрт шықты. Қатысушылар өртті сөндіру, барлау жүргізу, адамдарды эвакуациялау және шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтады.

Жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді жұмысына, өрт сөндіру құрал-жабдықтарын дұрыс қолдануға, зардап шегуі мүмкін адамдарды іздестіруге, сондай-ақ келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Өйткені әрбір секунд маңызды, ал үйлесімді әрекет адам өмірін сақтап қалуы мүмкін!

Ақтөбе облысының ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1324179?lang=kk