Жетісу облысында полиция қызметкерлері малды қараусыз жаюдың алдын алу жұмыстарын күшейтуде

Жетісу облысында полиция қызметкерлері малды қараусыз жаюдың алдын алу жұмыстарын күшейтуде

Жетісу облысының полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мал иелерімен профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мал жаю қағидаларын қатаң сақтау, төрт түлікті қараусыз қалдырмау және автомобиль жолдарына шығуына жол бермеу қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар, жануарларды сәйкестендіру мақсатында чиптеу мәселесіне де назар аударылуда.

Әсіресе, малдың жол бойында қараусыз жүруі жол қозғалысына елеулі қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Жыл басынан бері Жетісу облысында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 2647 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында полиция қызметкерлері тұрғындарды мал ұстау талаптарын сақтауға, олардың жайылымдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол бойында қараусыз жүруіне жол бермеуге шақырады.

Полиция ескертеді: қараусыз жүрген мал адам өміріне қауіп төндіреді. Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1324170?lang=kk