Ақмола облысында оқушылар арасында көңілді тапқырлар байқауы өткізілді

Ақмола облысының прокуратурасы облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушылар арасында көңілді әзіл сықақ сайысын өткізді.

Іс-шараға облыстың төрт ауданынан келген оқушылар мен «Жас ұрпақ» клубының мүшелері қатысты.

Аталған сайыс жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сондай-ақ заңға құрметпен қарауға және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды.

Сонымен қатар, мұндай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңдылық пен тәртіп қағидаттарын насихаттауға ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1324138?lang=kk