Жетісу облысының Полиция департаментінде құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері талқыланып, үздік қызметкерлер марапатталды

Жетісу облысының Полиция департаментінде құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері талқыланып, үздік қызметкерлер марапатталды

Жетісу облысының Полиция департаментінде департамент бастығы, полиция генерал-майоры Сарқытбай Құсаиновтың төрағалығымен облыс прокуроры Бауыржан Жұмакановтың қатысуымен кеңес өтті.

Жиын барысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, көшедегі қылмыстардың жолын кесу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтыққа, мал ұрлығына және табиғи ресурстарды заңсыз өндіруге қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов профилактикалық шараларды, әсіресе жасөспірімдер арасында күшейту, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және кең таралған алаяқтық схемалар туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, Сарқытбай Құсаинов жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау және мал ұрлығына қарсы күресті күшейту бағытындағы басым міндеттерді айқындады.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметтерге профилактикалық жұмысты жандандыру, қылмыстардың ашылу деңгейін арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Іс-шара аясында көп жылдық қызметін абыроймен атқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан полиция қызметкерлерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Оларға адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін марапаттар табысталып, алғыс білдірілді.

Сондай-ақ Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қоян-қолтық көтеру спорт түрінен чемпионатында өңір намысын абыроймен қорғаған полиция қызметкерлері де құрметке бөленді.

Атап айтқанда, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Нұрғалиев 57 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды, ал полиция майоры Дархан Арынов 88 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді.

Департамент басшылығы жүлдегерлерді құттықтап, олардың спорттағы жетістіктерін, қайсар рухы мен жеңіске деген жігерін жоғары бағалады.

Кеңес соңында Сарқытбай Құсаинов азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты нығайту және халықтың полицияға деген сенімін арттыру Жетісу облысы ішкі істер органдары қызметінің басты басымдықтары болып қала беретінін атап өтті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1324137?lang=kk