АУЫЛДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Маржанбұлақ ауылдық округі әкімдігінде ауылды абаттандыру және көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Маржанбұлақ ауылында көше жарықтандыру жүйесін жақсарту мақсатында 43 дана көше шамын ауыстыру жұмыстары жоспарлануда.
Аталған жұмыстар ауыл көшелерінің жарықтандырылу сапасын арттыруға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елді мекеннің көркін жақсартуға бағытталған.
Ауылды жарықтандыру жұмыстары
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1324123?lang=kk