Жетісу облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасын орындау аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері инклюзивті саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, халықты уақтылы хабардар ету, қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру және аталған санаттағы адамдарға қажетті көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы және әрекеттерін үйлестіру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша қауіпсіздік шараларын жетілдіруге, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қорғалу деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде олардың қауіпсіздігі мен қажетті көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды.
Әр адамның қауіпсіздігі – басты басымдық. Ал инклюзивті орта қалыптастыру – осы жұмыстың ажырамас бөлігі.