Ақтау қаласындағы 32А, 34А және 32Б, 35 шағын аудандарының қиылысында жол қозғалысын реттеу және көлік кептелісінің алдын алу мақсатында қосымша бағдаршам секциясы іске қосылды.
Аталған шара көлік ағынын тиімді реттеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қала аумағында жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда қосымша бағдаршам секциясы іске қосылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1324054?lang=kk