Сырттай проактивті куәландыру дегеніміз — мүгедектігі бар адамның қатысуынсыз, автоматты түрде куәландырудан өту тәртібі. Бұл кезде дәрігерлер сізді, сіздің паспорттық бөліміңізді көрмей, тек медициналық құжаттарыңызға қарап шешім шығарады.
Сіз тіркелген емхананың емдеуші дәрігері куәландыру мерзіміңіз келгенде, №031/е нысанын толтырып, құжаттарыңызды жүйе арқылы автоматты түрде МӘС-ке жібереді.
Құжатты басқа аумақтағы МӘС бөлімінің үш тәуелсіз сарапшысы сырттай қарайды. Қорытынды құжат түскен күннен бастап 3-тен 10 жұмыс күні аралығында шығарылады.
Егер сарапшылар бір шешімге келмесе, адам бетпе-бет куәландыруға шақырылады. Ал құжаттар толық болмаған жағдайда, МӘС-ке негізсіз жолданды деген шешім шығады.
Егер сараптамалық қорытындымен келіспесеңіз, тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық бөлімшеге шағымдана аласыз. Комитет маманы 2 жұмыс күні ішінде құжатты қайта қарауға жібереді, 5 жұмыс күні ішінде қайта қорытынды шығарылады.