Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 5 қазан мен 5 қараша аралығында Қызылорда қаласының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
2026 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 206 проблемалық мекенжай анықталып, оларда профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар 710 тұрғын үй, 1 633 саяжай үйі, 71 шаруа және фермерлік қожалықтары мен қыстаулар тексерілуде. Бұдан бөлек, 152 қараусыз қалған нысан мен шалғай аумақтарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 2 121 тұлғаның тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, 44 құқық бұзушылық анықталды. Көші-қон заңнамасын бұзған 142 тұлға анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.
Халықпен 191 кездесу өткізіліп, азаматтардан чаттар мен QR-кодтар арқылы түскен 361 ұсыныс бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 876 жадынама таратылып, әлеуметтік желілерде 13 ақпараттық материал жарияланды.
Сондай-ақ 1 958 азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы тұрғындармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.