Ана мен баланы қолдаудың мемлекеттік жүйесі

Ана мен баланы қолдаудың мемлекеттік жүйесі

Бала туғанда берілетін жәрдемақы

Бала туғанда берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар шетел азаматтарына бала туған күннен бастап беріледі.

Бала туғанда берілетін жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Екі және одан көп бала туған кезде жәрдемақы әрбір балаға жеке тағайындалады және төленеді.

Жәрдемақы тағайындауға өтініш беру мерзімі бала туған күннен бастап 18 айдан аспауға тиіс.

Жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

  1. SMS арқылы (проактивті түрде): бала тууы тіркелген соң 1414 нөмірінен келетін хабарламаға жауап беру арқылы;

  2. Онлайн: eGov.kz порталы немесе Kaspi, Halyk сияқты банк қосымшалары арқылы;

  3. Офлайн: Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) өтініш беру арқылы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1324037?lang=kk