Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды болдырмау бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Бір апта көлемінде өткізілген рейдтік шаралар барысында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған 11 жүргізуші анықталды.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір жүргізушілер әлі де болса ішімдік ішкен күйде көлік тізгініне отыруды жалғастыруда. Бұл – өз өміріне ғана емес, айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіретін жауапсыз әрекет.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Әрбір жүргізуші көлік тізгініне отырғанда өзінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
Жол қауіпсіздігі – басты назарда: Қызылордада бір аптада мас күйде көлік басқарған 11 жүргізуші анықталды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1324027?lang=kk