Қызылорда облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарынан құрметті зейнет демалысына шыққан бірқатар ардагерге зейнеткерлік куәліктер салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты рәсім барысында ардагерлердің ішкі істер органдарындағы көпжылдық мінсіз қызметі, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы елеулі еңбектері ерекше атап өтілді.
Полиция қызметі – үлкен жауапкершілікті, табандылық пен жанқиярлықты талап ететін абыройлы міндет. Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен ардагерлердің өмір жолы – кейінгі буын үшін тағылымы мол өнеге.
Департаменттің Әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді
Ардагерлерге құрмет көрсету – олардың ел алдындағы ерен еңбегін бағалаудың ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қызметтік дәстүрлерді дәріптеудің де маңызды көрінісі. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай қызмет еткен ардагерлердің еңбегі қашанда құрметке лайық.
Қызылордада зейнеткерлік куәліктер ардагерлерге салтанатты түрде табысталды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1324024?lang=kk