📌 Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қалай тағайындалады?
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы барлық қажетті құжаттар тапсырылған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде тағайындалады.
Ал eGov.kz порталы арқылы өтініш берген жағдайда (жалпы ауру немесе жұмыста мертігу салдарынан мүгедектік белгіленсе) – 1 жұмыс күні ішіндетағайындалады.
Өтініш беру жолдары:
▪️ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
▪️ eGov.kz порталы арқылы;
▪️ проактивті қызмет арқылы.
Қажетті құжаттар:
▪️ жеке куәлік;
▪️ мүгедектікті растайтын анықтама;
▪️ банк шотының IBAN нөмірі.
✅ Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.