Шерубай-Нұра су қоймасының балық қоры 76 643 тұқы шабағымен толықты. Су айдынына балық жіберу жөніндегі экологиялық акцияны «Топар» МАЭС-і ұйымдастырды.

Бастаманың басты мақсаты – су қоймасындағы балық қорын молайту, ихтиофауна санын сақтау және табиғи тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Тұқы шабақтарын су айдынына жіберу өңірдегі биологиялық алуантүрлілікті сақтауға және экологиялық әлеуетті нығайтуға үлес қосуға бағытталған.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, табиғатты қорғау жұмыстары міндетті экологиялық талаптарды орындаумен ғана шектелмейді.

Су және биологиялық ресурстарды сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған нақты бастамаларға да ерекше мән беріледі.

Шерубай-Нұра су қоймасын балықтандыру – осындай жұмыстардың бірі.
Абай ауданы әкімдігінің мәліметінше