Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Уақытша болу  жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  «Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында профилактикалық бақылау жүргізді.

Профилактикалық бақылау барысында қызмет алушыларға көрсетіліп жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көрсетілу тәртібі зерделенді.

Профилактикалық бақылау нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында бірқатар бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша мерзімі белгіленген нұсқама берілді.

Сонымен қатар, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығы» КММ директоры,  директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтік қызметкерлері және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандарының қатысуымен ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес Уақытша болу  жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы К. Сарсенов әлеуметтік қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме беріліп,  сұрақтарына жауаптар берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1324007?lang=kk