Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде бүгін, ағымдағы жылғы 4 қарашада, Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің Арнайы комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінің негізгі тақырыбы — Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар деп тану туралы тұрғындардың өтініштерін қарау.
Комессия мүшелері келіп түскен өтініштер мен оған қоса берілген архивтік құжаттардың белгіленген заңнамалық нормаларға сәйкестігін зерделеді. Азаматтардан түскен барлығы 74 өтініш қаралды. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша 55 оң шешім қабылданды, олардың негізінде қызмет алушыларға заңды әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларды әрі қарай алу үшін тиісті мемлекеттік куәліктер рәсімделетін болады.
Комиссияның өтініштерді қабылдау және өңдеу бойынша жұмысы жоспарлы режимде жалғасуда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/1323992?lang=kk