Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасында 95 келіге дейінгі олимпиадалық салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келіні көтеріп, күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар отандасымыз жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығуларының екеуінде де күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер. А тобы. 95 келіге дейін:
🥇🇧🇬 Карлос Насар - 415 кг (185+230)
🥈🇰🇿 Нұрғиса Әділетұлы - 399 кг (182+217)
🥉🇮🇷 Али Әлипур - 396 кг (181+215)
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1323976?lang=kk