ЖЕЗҚАЗҒАНДА ФУТБОЛ АЛАҢДАРЫНЫҢ ҚОРШАУЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ЖЕЗҚАЗҒАНДА ФУТБОЛ АЛАҢДАРЫНЫҢ ҚОРШАУЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Жезқазған қаласында спорт инфрақұрылымын күтіп ұстау және тұрғындарға қауіпсіз жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Ағымдағы жылы қаладағы 4 футбол алаңының қоршауларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Расков көшесі, 3, Алашахан көшесі, 25А және 26, Асылбеков көшесі, 93 мекенжайларындағы алаңдар қамтылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мердігер ұйым өкілімен бірлесіп, аталған нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы мен сапасын бақылауға алды.

Негізгі мақсат – футбол алаңдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1323973?lang=kk