Атырауда жас полицейлер мен тәлімгерлерінің республикалық форумы өтті

Атырауда жас полицейлер мен тәлімгерлерінің республикалық форумы өтті
2 қараша күні Атырау қаласында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерін біріктірген республикалық форум өтті.
📌Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 160-тан астам қатысушы бас қосқан ауқымды шараға жас полицейлер, тәжірибелі тәлімгерлер, «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
🤝 Форумның басты мақсаты – тәжірибелі буынның өнегесін жас мамандарға жеткізу, кәсіби байланысты нығайту және полиция қызметіндегі ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
💬 Кездесу барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, полиция қызметінің бүгінгі тынысы мен болашағын талқылады. Сонымен қатар интеллектуалдық викторина ұйымдастырылып, әлеуметтік желілердің полиция қызметіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
🏆 Форум барысында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.
🎤 Тағылым мен тәжірибе тоғысқан тағылымды шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1323942?lang=kk