БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Байғанин ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі жол-техникалық инспекция тобының қызметкері «QAJSERVIS» ЖШС, «GLOBAL CONSTRUCT» ЖШС, «ТЕХМОНТАЖ-АСТАНА» ЖШС өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, ауданның қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

🔎 Тексеру барысында: 🔹 Қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстауға арналған арнайы техникалардың дайындығы мен жарамдылығы; 🔹 Қар тазалау және жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының ұйымдастырылуы; 🔹 Көктайғаққа қарсы қолданылатын материалдардың (ҚММ) қоры мен дайындығы; 🔹 Қолайсыз ауа райы жағдайларында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті құрал-жабдықтардың әзірлігі назарға алынды.

🚧 Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қолайсыз ауа райы жағдайларында жолдардың үздіксіз әрі қауіпсіз пайдаланылуына жағдай жасау.

⚠️ Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1323935?lang=kk