Құрметті есеп жүйелерін әзірлеушілер және салық төлеушілер!

Құрметті есеп жүйелерін әзірлеушілер және салық төлеушілер!

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Салық кодексінің жекелеген нормаларын іске асыру шеңберінде (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген) «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде экспедиторлар мен комиссионерлер үшін ЭШФ-да сыйақы сомасын көрсету жөніндегі функционал іске асырылғанын хабарлайды.

   ЭШФ АЖ-да экспедиторлар қызметтер көрсеткен кезде, сондай-ақ шарттар шеңберінде шарттары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін қызметті жүзеге асырған кезде электрондық шот-фактураларды (бұдан әрі-ЭШФ) толтыру ерекшеліктерін көздейтін өзгерістер іске асырылды.

   Өнім берушінің «Экспедитор» және «Комиссионер» санаттары үшін ЭШФ-да қызметтің белгіленген атауы және тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі бар «Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер» G бөлімінің бірінші жолы автоматты түрде қалыптастырылады.

   Көрсетілген мәліметтер жүйемен автоматты түрде қалыптастырылады және түзетуге жатпайды.

   Техникалық сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz қолдау қызметінің электрондық поштасына (тәулік бойы) немесе 7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне (09:00-ден 21:00-ге дейін) хабарласуға болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1323928?lang=kk