Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

Шараны ашқан департамент басшысы Ж. Беріков сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтап, олардың қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап өтті. Өз сөзінде ол қызметкерлердің қажырлы еңбегі мен мейірімділігі үшін шынайы алғысын білдірді.
    Салтанатты жиынға көп жылдар бойы осы салада аянбай тер төккен еңбек ардагері мен қызметкерлер қатысты және олардың бірқатары арнайы марапаттармен марапатталды. Оларға көпжылдық мінсіз қызметі үшін құрмет көрсетіліп, ведомстволық төсбелгілер мен медальдар, алғыс хаттар табыс етілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1323884?lang=kk