Балалардың қауіпсіздігі мен дарынды жастарды қолдау – басты назарда!

Балалардың қауіпсіздігі мен дарынды жастарды қолдау – басты назарда!

⚡ Балалардың қауіпсіздігі мен дарынды жастарды қолдау – басты назарда!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында балалардың құқықтарын қорғау, дарынды жастарды қолдау және білім беру жүйесін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

🛡️ Балалардың қауіпсіздігі: Әрбір баланың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Бала үйде, мектепте және қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз сезінуі тиіс.

💡 Дарынды балаларды қолдау: Осы оқу жылынан бастап олимпиада жеңімпаздарымен қатар, ғылыми жобалар байқауларында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға да ақшалай сыйақы беру көзделген.

🤖 Цифрландыру және жасанды интеллект: Білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу және заманауи инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

💙 Балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы және қабілеттерін дамытуға жағдай жасау – жарқын болашақтың негізі!

#АбайОблысы #БалаҚұқығы #БалаларҚауіпсіздігі #БілімБеру #ДарындыБалалар #ЖасандыИнтеллект

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bala-qorgau-abai/press/news/details/1323869?lang=kk