2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету мәселелері

2026 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету мәселелері

Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасы шеңберінде оңалту іс-шараларының орындалуы және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

1. Протездік-ортопедиялық көмек – 32 985 өтініш түсті, оның 29 604-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89,8%.

2. Сурдологиялық көмек – 619 өтініш түсті, оның 552-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89,2%.

3. Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету – 1 050 өтініш түсті, оның 916-сы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89,2%.

4. Кресло-арбалармен қамтамасыз ету – 1 077 өтініш түсті, оның 1 034-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 96,1%.

5. Санаторий-курорттық емдеу – 7 547 өтініш түсті, оның 6 169-ы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 81,8%.

6. Жеке көмекшінің қызметтері – 294 өтініш түсті, оның 280-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 95%.

7. Ымдау тілі маманының қызметтері – 572 өтініш түсті, оның 557-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 97,4%.

8. Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 15 746 өтініш түсті, оның 15 428-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 98%.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1323842?lang=kk