Өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Шу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері №10 колледж студенттерімен «Өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында мамандар өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, өрттің туындау себептері, оның алдын алу шаралары және төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі туралы түсіндірді.

Сонымен қатар студенттер өрт сөндіру-құтқару техникасымен танысып, оның жабдықталуы мен қолданылу ерекшеліктері туралы ақпарат алды.

Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікті арттыру.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1323833?lang=kk