Конференцияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік орталығын құру туралы бастама көтерді. Орталықтың қызметі Қазақстанды ғана емес, бүкіл Еуразия өңірін қамтиды.
— Бізге бірлескен талдау жұмысы қажет. Жекелеген қылмыстарды ғана емес, трансұлттық қылмыстық схеманы тұтастай көре білуіміз керек. Қылмыстық топтардың өзара қалай байланысатынын, ұрланған қаражаттың қалай қозғалатынын және қандай жаңа қауіп-қатерлер туындайтынын түсіну маңызды. Осы мәліметтер негізінде бірлескен шешімдер қабылдауымыз қажет, — деді министр.
БҰҰ басшылығы аталған бастамаға оң көзқарас білдірді.
Құрылуы жоспарланып отырған орталық қызметінің негізгі бағыттары – киберқауіптерге терең талдау жүргізу, тәжірибе алмасу, қылмыстарды тергеу жұмысын жетілдіру және мамандар даярлау.
Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру бастамасын көтерді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1323790?lang=kk