Астана, 2026 жылғы 4 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Әдел Әл-Ғунайманмен кездесті.
Кездесу барысында 2026 жылғы 29 қазанда Әл-Кувейт қаласында өткен екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті саяси консультациялардың қорытындылары талқыланды.
Екіжақты ынтымақтастық тетіктерін түрлі бағыттар бойынша жетілдіруге, сондай-ақ алдағы өзара сапарлар мен кездесулерді ұйымдастыру және олардың мазмұнын пысықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.