Еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

Еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, үш университеті рейтингтің алғашқы жүздігіне енген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды. Биылғы рейтингке еліміздің 51 жоғары оқу орны енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті университетке артық.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1323699?lang=kk