Тәртіп пен адалдыққа бағытталған маңызды жиын өтті

Тәртіп пен адалдыққа бағытталған маңызды жиын өтті
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың тапсырмасына сәйкес облыс орталығының жол қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті.
Жиынға Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Сұлтан Пірметов, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Мақсат Асқаров және Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев қатысты.
Кездесуде патрульдік полиция қызметкерлеріне қызметтік тәртіп, заңдылықты сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі және жеке жауапкершілік мәселелері бойынша нақты талаптар қойылды.
«Заңды талап ету үшін, ең алдымен, өзің заңға сай әрекет етуің керек». Осы ұстанымды алға тартқан поилция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев тұрғындармен қарым-қатынас мәдениетіне ерекше тоқталды. Азаматтармен сөйлесуде сыпайылық таныту, әрбір өтінішке түсіністікпен қарап, заң талаптарын сауатты түсіндіру қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу, заңсыз сыйақы алмау және қызметтік өкілеттікті теріс пайдаланбау мәселелері көтерілді.
Полиция басшылығы әрбір қызметкердің іс-әрекеті азаматтардың сеніміне тікелей әсер ететінін жеткізді. Сондықтан полицияның беделі қалыптасатын күнделікті қызметтегі тәртіп, заңдылық және адалдыққа баса мән беруге шақырды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1323623?lang=kk