Аппараттық кеңесте Президент Жолдауының негізгі ережелері талқыланды

Аппараттық кеңесте Президент Жолдауының негізгі ережелері талқыланды

Бейімбет Майлин ауданының мекемелері мен ұйымдарының басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру болды.
Осы тақырып бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғалиева О.А. баяндама жасады. Баяндама барысында Жолдаудың негізгі бағыттары, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер мен еліміздің одан әрі дамуының басым бағыттары қарастырылды.
Құрылыс, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және басқа да өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Жолдаудың негізгі ережелерін одан әрі түсіндіру және оның басты идеяларын аудан тұрғындарына жеткізу жөніндегі міндеттер белгіленді.
#жолдау2026

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1323620?lang=kk