Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Еңбекші ауданының 2026 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында ауданның экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамту бағытында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен аудан аумағындағы өзекті мәселелер қаралды.
Жиынға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, ауданның дамуына қатысты сауалдарын қойды. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті түсіндірмелер ұсынылды.