Текелі қаласында «Тегін заң көмегі күні» өтті

Текелі қаласында «Тегін заң көмегі күні» өтті

04.11.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Текелі қаласында «Тегін заң көмегі күні» өткізілді. Іс-шараға Жетісу облысы Әділет департаментінің, Текелі қалалық әкімдігінің, Текелі қаласының прокуратурасының, Жетісу облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Жетісу облысының нотариаттық палатасының және Жетісу облысының адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер беріліп, заңнама талаптары мен құқықтарын қорғау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық көмек алу үшін барлығы 93 азамат жүгінді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1323601?lang=kk