2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудионұсқалары Конституциялық Соттың ресми интернет-ресурсында орналастырылғанын хабарлаймыз.
Аталған аудионұсқалар төмендегі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Бұл бастама конституциялық заңнамаға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған.