Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Федоров аудандық
орталық кітапханасының кітапханашысы М. Мәметова атындағы жалпы
білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына «Саған да, маған да Жер
керек» атты экологиялық калейдоскоп дайындады. Іс-шара барысында
оқушылар бүгінгі таңда экологияға қамқорлық жасау нені білдіретіні туралы
біліп, гринвошинг ұғымымен танысты. Сондай-ақ оларға тапсырмалар
ұсынылып, қатысушылар шешімдерін жеке және топпен жұмыс жасау
арқылы тапты.
«Тебе и мне нужна Земля»
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1323589?lang=kk