Ақтауда санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда

Ақтауда санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының 14-шағын ауданындағы сквер аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. 

Жұмыстар барысында аумақты қоқыстан тазарту, арам шөптерді алу және санитарлық жағдайын жақсарту шаралары қолға алынды. Тазалық жұмыстарына 2 арнайы техника тартылып, 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. 

Қала аумағының тазалығын сақтау және қоршаған ортаны абаттандыру бағытындағы санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті тұрақты түрде жалғасады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1323577?lang=kk