Атырауда жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің республикалық форумы өтті

Атырауда жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің республикалық форумы өтті

2026 жылғы 2 қарашада Атырау қаласында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлеріне арналған республикалық форум өтті.

Іс-шараға жас полицейлер, «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Форумға Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Атырау облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері — полиция аға лейтенанты Жанболатов Жеңіс Нұрболатұлы, полиция майоры Түлегенов Саламат Құрманғазыұлы және жас қызметкер, полиция кіші сержанты Асқаров Асылбек Қанатұлы қатысты.

Форум жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәлімгерлік институтын нығайтуға және қызметтік тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасы ІІМ мен Полиция департаментінің арнайы сертификаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1323576?lang=kk