Сәйкестік туралы декларацияны келісу үшін өтініш беруші объектінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары аяқталғаннан кейін және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғанға дейін азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (е-өтііш) арқылы аумақтық департаментке халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарына объектінің сәйкестігі туралы декларацияны келісу жөнінде өтініш жолдайды.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мердігер (бас мердігер) жасаған және қол қойған сәйкестік туралы декларация;
2) объектіні фотофиксациялау материалдары;
3) бар болған жағдайда қолжетімділікті қамтамасыз ету іс-шараларының орындалуын растайтын құжаттар (мүгедектігі бар адамдардың қозғалыс жолдарын ұйымдастыру схемасы, орнатылған қолжетімділік және навигация құралдары туралы мәліметтер);
4) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі жобалық шешім;
5) егер объектіге мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету талап етілмесе, объектінің өндірістік, режимдік, қоймалық, инженерлік немесе мамандандырылған объектілерге жататынын және онда мүгедектігі бар адамдардың болуы, оларға қызмет көрсетілуі немесе олардың еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделмейтінін растайтын құжаттарды ұсынуды сұраймыз.