2026 жылғы қазан айында Департамент басшысының орынбасары А.У. Калмагамбетова IV тоқсанға бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында азаматша зейнетақы тағайындау мәселесі бойынша жүгінді. Атап айтқанда, өтініш иесі 2026 жылғы 10 қарашада зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек өтілін растау, еңбек кітапшасындағы жазбалардың дұрыстығын және архивтік анықтамаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде көмек сұрады.
Өтінішті қарау барысында азаматшаның еңбек кітапшасындағы жазбалар толықтай тексеріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне қатысты мәселелер түсіндірілді.
Тексеру нәтижесінде еңбек кітапшасындағы 1990–1994 жылдар аралығындағы жекелеген еңбек кезеңдерін есепке алу мүмкін еместігі анықталды. Атап айтқанда, жұмыстан босату туралы жазбаның тиісті түрде рәсімделмеуіне және жұмыс беруші мекеменің мөрімен расталмауына байланысты аталған кезең еңбек өтіліне есепке алынбайтыны түсіндірілді. Сонымен қатар, 1994–2000 жылдар аралығындағы еңбек қызметіне қатысты жазбаларда да сәйкессіздіктер бары анықталып, оларды растау қажеттілігі айтылды.
Азаматшаға аталған еңбек кезеңдерін зейнетақы тағайындау кезінде есепке алу үшін еңбек өтілін растайтын қосымша анықтамалар мен мекеме атауларының өзгеруі туралы архивтік құжаттарды ұсыну қажеттігі жөнінде толық түсіндірме берілді.