Қоғалы ауылында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қоғалы ауылында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қоғалы ауылдық округінің әкімі Б. Мәлікұлының ұйымдастыруымен Қоғалы ауылының қоғамдық жұмыстарына қатысушылардың күшімен бірқатар көшелерде жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.