Бүгін есепті жиындар Мәди, Тәттімбет, Н. Нұрмақов және Абай ауылдық округтерінде өтті.
Жиындарға аудан әкімі Саят Мусин арнайы қатысып, жергілікті тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылады. Жиында тұрғындарға атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындар көтерген сұрақтар мен ұсыныстардың орындалуы аудан басшылығының тікелей бақылауында болады. Сапар аясында аудан басшысы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.