Қазіргі таңда, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерінің кеңінен қолданылуы қоғам қауіпсіздігіне қатысты жаңа мәселелерді туындатып отыр.
Осыған байланысты экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жасанды интеллектіні теріс мақсатта пайдалану қаупі жөнінде түсіндірме жұмыстарының маңызы артып келеді.
Осы мақсатта Төлеби ауданының өзін-өзі жұмыспен қамтушылары, саудагерлер, жұмыссыздар мен еңбек ұжымдарына қатысты жасанды интеллектіден төнетін экстремистік және террористік қауіптер, олардың алдын алу бойынша жиналыстар өтті.
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – жастар арасында радикалды діни идеологиялардың таралуы.
Радикалды діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.
Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы.
Осы тұста, қатысушыларға жасанды интеллект арқылы жалған ақпарат тарату, әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы материалдар жариялау, жалған бейне және аудиожазбалар жасау, сондай-ақ қоғам арасында үрей мен түсінбеушілік туғызу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Интернет кеңістігінде радикалды идеологияны насихаттау, азаматтардың сеніміне кіру және жалған ақпарат арқылы қоғамдық пікірге ықпал ету әрекеттерінің алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушыларды толғандыратын мәселелер бойынша да жауаптар берілді.
Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану және тарату барысында өте мұқият болу қажеттігі туралы баяндады.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі толық жауаптарын алды.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды