Қонаев қаласының Мәдениет үйінде өңірдің жаттықтырушылары мен спортшы жастардың қатысуымен терроризмнің алдын алу және деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесу өтті.
Кездесуге сарапшы ретінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Сарсембаев Р.М қатысып, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы радикалды идеологияны тарату тәсілдері, психологиялық ықпал ету әдістері және жастарды деструктивті қауымдастықтарға тарту жолдары туралы баяндады.
Осы тұрғыда жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің жастар арасында радикалданудың алдын алудағы рөліне, олардың бойында сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға, сондай-ақ идеологиялық ықпалға қарсы тұру тұрақтылығын арттыруға ерекше назар аударылады.
Спорттағы тәрбиенің сабақтастығы мен спорттық жетістіктер арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелеріне де айрықша көңіл бөлінді.
Кездесу қорытындысы бойынша терроризмге қарсы сананы қалыптастыру, қырағалықты тартылуына жол бермеу қажеттігі атап өтілді.
Материал Алматы облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды