Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

«Даму» қоры сіздерді бизнесті дамытуға арналған тегін онлайн-оқудан өтуге шақырады!

📚 Негізгі оқу бағдарламасы төрт бағытты қамтиды:

💰 Бизнестің қаржылық және құқықтық негіздері

📈 Сату және маркетинг

👥 Команда және басқару

💻 Бизнесті цифрландыру және автоматтандыру

Оқу өз ісін енді бастауды жоспарлап жүргендерге де, жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге де арналған.

🎓 Негізгі бағдарламаны аяқтап, тестілеуден сәтті өткен қатысушылар сертификат ала алады.

🌍 Оқу онлайн форматта, өзіңізге ыңғайлы уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен қолжетімді.

Сонымен қатар, қосымша тақырыптық курстар ұсынылады: «Бизнеске арналған жасанды интеллект», «E-commerce», «Мал шаруашылығы», «Азық-түлік өндірісі» және басқа да бағыттар.

🤝 Қатысушыларға тәжірибе алмасуға, серіктестер табуға, кеңес пен қолдау алуға, өз өнімдерін ілгерілетуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлер қауымдастығына қосылу мүмкіндігі де беріледі.

📌 Тіркелу сілтемесі:

https://damu.kz/ru/programmi/trainings/business_learning

Тіркелу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, 8 (7152) 55-98-10 телефонына хабарласуға болады.

«Даму» қоры – бизнесіңізді дамытуға арналған жаңа білім мен мүмкіндіктер!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1323511?lang=kk