Қарағанды тұрғындары мен қала қонақтарын «Дала дәмі» облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады. Сауда-саттық 7 қараша, сенбі күні Б. Әшімов көшесіндегі жаңа алаңда өтеді. Жәрмеңке сағат 09:00-де басталады.
Жәрмеңкеде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындардың өнімдері кеңінен ұсынылады. Сатып алушылар жаңа піскен көкөністер, ет, сүт өнімдері мен басқа да азық-түлік түрлерін сатып ала алады.
Өнімдер орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады. Бұл – азық-түлікті делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып алуға, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді сауда алаңы.
Жәрмеңке өтетін орынға № 19, 31, 65, 66 және 70 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды. Бұдан бөлек, Сұрыптау және Пришахтинск шағынаудандарынан арнайы белгілері бар қосымша автобустар ұйымдастырылады.