Ағымдағы жылдың 3 қарашасында «АЙС плюс» ЖШС қызметкерлерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша маңызды жиын ұйымдастырылды.
Жиынға арнайы қатысқан қонақтар:
🔹 Ерболат Селбайұлы Қожиков — Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;
🔹 Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева — Қазақстан халық Кеңесінің мүшесі.
Кездесу барысында Президент Жолдауында жүктелген басым бағыттар, экологиялық бастамалар мен ел дамуының өзекті міндеттері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
«АЙС плюс» ЖШС ұжымымен маңызды кездесу
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-auyl/press/news/details/1323485?lang=kk