Шу ауданының прокуратурасы қадағалау барысында аудан тұрғыны өз баласын асырап-бағу бойынша міндеттемелерді орындаудан ұзақ уақыт бойы жалтару фактісін анықтады.
Аталған азамат 2024 жылдан бастап алиментберешегі бойынша 1,7 млн теңге мөлшеріндеқарыз соммасын төлеуден жалтарып жүргендігібелгілі болды.
Бұл ретте борышкердің өз міндеттемелерінорындауға мүмкіндігі болғанымен, қарызды өтеуүшін қажетті шаралар қабылдамаған.
Аудан прокуратурасының бастамасымен 2026 жылғы тамызда борышкерге қатысты алименттөлеу бойынша міндеттерді орындамау дерегібойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу барысында азамат өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп және берешекті толықөтеп, бұдан былай алиментті өз уақытында төлептұруға міндеттенді.
Берешектің толық өтелуіне, тараптардыңтатуласуына және жәбірленуші тараптыңшағымының болмауына байланысты сотқа дейінгітергеп-тексеру заңда белгіленген тәртіппентоқтатылды.
Жамбыл облысының прокуратурасыбалалардың құқықтарын қорғау және алименттікміндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етубойынша жұмысты жалғастыруда.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Шу ауданында прокурорлық ықпал ету шараларынан кейін алимент берешегі өтелді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1323472?lang=kk